Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов онлайн брифингте әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға берілетін несие туралы айтты.
Оның айтуынша, бүгінгі талапқа сәйкес еңбекке жарамды отбасы мүшесі міндетті түрде жұмыс істеу керек. Ал егер жұмыстан бас тарқан жағдайда атаулы әлеуметтік көмек алу мүмкіндігінен айырылады. Елімізде дәл осы санат бойынша 30 мыңдай азамат тіркелген.
«Азаматтaрға жұмыс, сондай-ақ шағын несие де алуға болады. Кәсіп бастау үшін барлық тұлғалар үшін 6 пайызбен несие беретін болса, тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларға 4 пайызбен несие алуға болады. Тіпті олар үшін несие мерзімін 5 жылдан 7 жылға дейін ұзартылды. Кепілдігі жоқ азаматтарға мемлекет 95 пайызға дейін кепілдеме беріп, 22 млн теңгеге дейін алуға болады", - деді Нұрымбетов.
Сондай-ақ министр қазіргі таңда кәсіп бастау үшін арнайы қайтарымсыз гранттардың бар екенін атап өтті.
Оның айтуынша, елімізде көпбалалы отбасылар мен тұрмыс жағдайы төмен азаматтар «Бизнес бастау» жобасы аясында арнайы оқудан өтпей-ақ, қайтарымсыз 555 мың теңгеге ие бола алады.
Тағы көру