Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Петропавлда №4 мектептің 9-сынып оқушыларының бірі бүгін таңертең мектепке балта мен пышақ алып келіп, жоғары сынып оқушыларына шабуыл жасады, деп хабарлады Petropavlovsk.news.
Зардап шеккен үш оқушы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, олар есін біледі, делінген прокуратура мен облыстық полиция департаментінің бірлескен мәлімдемесінде.
«Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған Д. есімді оқушыны қамауға алды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі - 99-баптың 2-бөлігі 1-тармағы, 14-тармағы (кісі өлтіруге оқталу), сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деп хабарлайды құқық қорғау органдары.
Алдын ала мәлімет бойынша, шабуыл жасаған оқушы психиатриялық есепте тұрған.
«Кәмелетке толмаған бала мен мектеп әкімшілігінің әрекетіне сотқа дейінгі тергеу аясында құқықтық баға беріледі. Қалған мән-жайлар анықталуда», - делінген хабарламада.
Фото: bakuplus.az