Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Полиция органдарына сенетіндер үлесі - 61,6%
Жаңалықтар

Полиция органдарына сенетіндер үлесі - 61,6%

19.07.2024
мин
0
742
Фото: stat.gov.kz

Ұлттық статистика бюросы халықтың құқық қорғау органдары мен сот жүйесіне деген сенім деңгейі бойынша кезекті іріктеп зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сауалнамаға қатысқандардың жауаптарына сәйкес, халықтың 64% тұрғылықты жерінде өздерін толық қауіпсіз сезінеді, 29,4% – жеткілікті түрде қауіпсіз, 5,4% – қауіпсіз сезінбейді, 0,6% – мүлдем қауіпсіз деп сезінбейді, 0,6% – жауап беруге қиналды. Бұл жағдайда ерлерге қарағанда әйелдер өздерін толық қауіпсіздікте азырақ сезінеді – сәйкесінше 70% және 58,5%.

Өңірлер бөлінісінде Жамбыл өңірінің тұрғындары өздерін толық қауіпсіз сезінеді сауалнамаға қатысқандардың 76,5%, ал Шығыс Қазақстан өңірінде ең азы – 45,7%. Қалалық және ауылдық жер тұрғындарын салыстыратын болсақ, сауалнамаға қатысқан ауылды елдімекен тұрғындарының 65,5% өздерін толық қауіпсіз сезінеді, ал қала тұрғындары арасында 63,1%-ы.  

Респонденттердің жауаптарына сәйкес қауіптің негізгі себептері – көшеде жарықтандырудың жетіспеуі – 21,4%, шабуылдан қорқу – 16% және жалғыз жүруден қорқу – 16,7%. Сонымен қатар, әйелдер арасында 17,5% көшеде шабуылға ұшырауға қорқатындықтан қауіпсіздікті сезінбейді.

Құқық қорғау органдарының қызметі туралы білетін респонденттердің бөлінісі келесідей: полиция жұмысы туралысұралғандардың 21,8% біледі, прокуратура туралы – 20,1%, өртке қарсы қызмет туралы – 18,7%, сот жүйесі туралы – 15,5%, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет туралы – 13,6% және экономикалық тергеу қызметі туралы 10% біледі.

Зерттеу қорытындысы бойынша прокуратураға сенетін адамдардың үлесі 66% құрады, ішінара сенетіндер- 24,1%, сенінкіремейтін – 3%, сенбейтіндер – 2,3%. Жауап беруге қиналғандар үлесі 4,6% құрады.

Полиция органдарына сенетіндер үлесі 61,6% құрады, ішінара сенетіндер – 27%, керісінше сенбейтіндер – 4,4%, сенбейтіндер – 4,6%. Жауап беруге қиналғандар үлесі 2,5% құрады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сенетін респонденттер үлесі 50,9% құрады, ішінара сенетіндер – 28,7%, сенінкіремейтін – 4,9%, сенбейтіндер – 4,1%. Жауап беруге қиналған респонденттер үлесі 11,4 % құрады.

Экономикалық тергеу қызметіне сенетіндер үлесі 47,8% құрады, ішінара сенетіндер – 29%, сенінкіремейтін – 5,2%, сенбейтіндер – 2,9%. Жауап беруге қиналғандар үлесі 15% құрады.

Сот жүйесіне сенетіндер үлесі 61,8% құрады, ішінара сенетіндер – 25,9%, сенінкіремейтін – 3,4%, сенбейтіндер – 2,9%. Жауап беруге қиналғандар үлесі 6% құрады.

Өртке қарсы қызметіне сенетіндер үлесі 79,4% құрады, ішінара сенетіндер – 16,4%, сенінкіремейтін – 0,9%, сенбейтіндер – 0,4%. Жауап беруге қиналған респонденттер үлесі 2,8% құрады.

 

 

Анықтама: халықтың құқық қорғау органдарына және сот жүйесіне деген сенім деңгейі бойынша іріктеп тексеру жылына екі рет жүргізіледі. Соңғы зерттеуге іріктеме әдісімен іріктелген 18 005 үй шаруашылығы немесе республикадағы үй шаруашылықтарының жалпы санының 0,35% қатысты. Іріктеп тексеру жүргізу кезінде 15 пен 80 жас аралығындағы үй шаруашылығының бір мүшесі сұралды.

 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл