Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Президент Абайдың 180 жылдығына орай құттықтау жолдады
Жаңалықтар

Президент Абайдың 180 жылдығына орай құттықтау жолдады

10.08.2025
1 мин
0
76
Сурет: Aqorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шараға қатысушыларға құттықтау жолдады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Президент Абайды "төл мәдениетімізді дамытуға өлшеусіз үлес қосқан, халқымыздың сана-сезімін жаңғыртқан әлемдік деңгейдегі кемеңгер тұлға" деп атады.

Мемлекет басшысы ұлы ойшылдың жаңа әдебиеттің негізін қалап, өскелең ұрпақты білімге, еңбекке және адалдыққа шақырғанын, елге қызмет етудің озық үлгісін көрсеткенін атап өтті.

- Хәкім Абайдың мол мұрасы – қазақ халқының ғана емес, барша адамзаттың өнеге алатын асыл қазынасы. Оның ой-толғамдары мен өсиеттерінің өзектілігі ешқашан жоғалмайды. Сондықтан Абайды тану және таныту, шығармашылығын терең зерделеу өте маңызды, – деді Президент.

Тоқаев Семей өңірін ұлттық құндылықтар мекені ретінде дамытуға мемлекет ерекше көңіл бөлетінін атап өтіп, Абайдың өміршең өлеңдері мен қара сөздері болашақ ұрпаққа рухани азық болатынына сенім білдірді.

- Ұлы Абайдың аманатына адал болайық! – деп түйіндеді Мемлекет басшысы өз құттықтауын.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл