Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Президент ауылды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды
Жаңалықтар

Президент ауылды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды

28.01.2025
1 мин
3
331
Сурет: atr.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев ауылды дамытуға арналған негізгі міндеттерді атап өтіп, инфрақұрылымды жаңғырту мен бизнесті қолдауға басымдық берілуі керектігін айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Президент ауылдық аймақтарды жан-жақты дамыту үшін мемлекеттік қолдау шараларын бір бағдарламаға біріктірудің маңыздылығын айтты, мысалы, "Ауыл аманаты", "Ауыл – ел бесігі" сияқты бағдарламаларды атап өтті.

– Үкімет пен әкімдерден жаңа, жүйелі әрі тың тәсілдер күтемін. Жалпы, ауыл шаруашылығында шешілмеген мәселелер аз емес. Фермерлер, сарапшылар түрлі түйткілдер туралы жазып жатыр. Мысалы, бордақылау орындары малсыз, жартылай бос тұр, себебі, мал көрші елдерге төмен бағамен сатылып жатыр. Ауылдағы ағайынның тұрмыс сапасына ықпал ететін барлық мәселеге баса мән беру қажет, - деді Тоқаев.

Сонымен қатар ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға назар аударып, барлық мәселелерге ерекше мән беру қажеттігін атап өтті.

– Ауыл халқы қаржылық және мемлекеттік қызметтерден қол үзіп қалмауы керек. Қазір бұл міндет, негізінен, "Қазпошта" арқылы орындалып жатыр. Үкіметке әкімдіктермен бірлесіп, пошта бөлімшелерінің шалғай елді мекендерде үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырамын, - деді Президент.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
3 Пікір
Н
Нурбек 29.01.2025
Бордақылық аландар бос тұрмау үшін халыктан дұрыс бағаға алу керек, қазір бәрі Озбекстан га кетіп жатыр, Казахстан да дұрыс жүйе жоқ мал сатуға, жылкы көп соны неге экспортка шыгармаска, мясокомбинат бағалары арзан
Жауап беру
Ж
Жан 28.01.2025
Шын мәнінде ауылда жумыс болмағандықтан көшеді көбісі. Ауылда балабақша мектеп әкімшілікте ғана жумыс бар. Ол жерде орында жоқ. Толып тур. Өздерінің адамдарын алады. Не болмаса сол баяғы таныс тамыр. Танысын туысын жоқ саған жумыста жоқ деген сөз. Сондықтан көшуге тура келеді қалаға.
Жауап беру
Ф
Фариза 28.01.2025
Кызылорда обл Шиелі ауданына карасты ауылдар дамиды деп ойламаймын халык асіресе коп балалы отбасылар калага кошуде. Тек туракты жумысы бар балабакша мектеп акімшілік мал устайтындар гана. Ойткені ауылда мулдем жумыс козі жок. Әкімдік катыранан ешкандай жылжу жок ақылы коғамдык жумыс сурап барсанда әкім алгысы келмейді. Кемшіліктер коп. Жогаргы жакта тек козге корінетін алматы астана шымкент сиякты ауылларлы коркейтуге гана ат салысатын сиякты
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл