Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы қабылдады
Жаңалықтар

Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы қабылдады

25.11.2024
1 мин
0
112
Сурет: https://t.me/aqorda_resmi/21524

Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы қабылдады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Елдегі әлеумет және еңбек салаларын дамыту жөніндегі атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы Премьер-Министрдің орынбасары, еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ақпарат берді. Министрдің айтуынша, әлеуметтік көмек жүйесін жаңарту және жұмыспен қамту саласындағы шаралар елдегі азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. 

Светлана Жақыпова:
Еліміздегі әлеумет және еңбек салаларын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың есебі мен алдағы жоспары жөнінде ақпарат берді:

      – атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдерін ұсынды. Бұл шаралар әлеуметтік қолдаудың тиімділігін арттырып, көмектің тиісті азаматтарға дәл жетуін көздейді;

      – 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында жан басына шаққандағы қаржыландыруды лицензиялау жүйесі енгізіледі. Бұл мақсатта кәсіби стандарттар мен оқыту модульдері әзірленген;

      – 2030 жылға дейінгі инклюзивті саясат тұжырымдамасы аясында мүгедектіктің әлеуметтік-құқықтық қорғау моделіне көшу енгізіліп жатыр;

    – халықты жұмыспен қамтуға бағытталған шаралар жөнінде баяндады:

      – биыл 804 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан. Олардың ішінде 200 мыңнан астамы жастар. Ал 9 мыңға жуық азамат, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары бизнес идеяларын жүзеге асыру үшін грант алған;

    – сапалы жоспарлау мен мемлекеттік инвестициялардың тиімділігін арттыру мақсатында әзірленген «Жобалардың инновациялық навигаторы» қанатқақты жобасы туралы айтты:

      – аталған жүйе мамандарға деген сұранысты талдап, болжайды, сондай-ақ жобалардың тиімділігіне мониторинг жасап, сапасын қадағалайды және үйлестіруді қамтамасыз етеді;

      – платформа қазірдің өзінде жалпы құны 33 триллион теңге болатын 755 инвестициялық жобаны сүйемелдеп отыр. Оны жүзеге асыру аясында 150 мыңға дейін жұмыс орнын құру жоспарланған;

      – навигатор қажетті еңбек ресурстары жоқ жауапсыз мердігерлерді анықтауға да мүмкіндік береді;

     – еңбек жанжалдарының алдын алуға көмектесетін Еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасының жұмысына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік саясатты жетілдіру мен әлеуметтік және еңбек салаларындағы шаралардың тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл