Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Президент Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады
Жаңалықтар

Президент Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады

19.11.2025
мин
0
153
Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевқа елдегі криминогендік ахуал, ішкі істер органдарына жүктелген міндеттердің орындалуы, соның ішінде "Заң және тәртіп" қағидатын орнықтыру жұмыстары жөнінде баяндалды, – деп хабарлайды Dauletten.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/memleket-basshysy-ishki-ister-ministri-erzhan-sadenovti-qabyldady-2/

Ержан Сәденов 10 айда елдегі қылмыс саны 5,3 мыңға азайғанын және қылмыстың "ізін суытпай" ашу деңгейі жақсарғанын жеткізді. Отбасылық-тұрмыстық деңгейдегі құқықбұзушылықтармен күрес белсенді түрде жүргізіліп жатыр.

Алдын алу жұмыстарының нәтижесінде тұрмыстық сипаттағы қылмыс саны 8 пайызға, оның ішінде кісі өліміне әкеліп соғатын жағдайлар 26 пайызға азайды. Іздеуде жүрген 1391 адам ұсталғанын мәлімдеді. Олардың 138-і шетелде қолға түсті. Жедел іс-шаралар барысында 30 тоннадан астам есірткінің, соның ішінде бір тоннадан астам синтетикалық заттардың айналымға түсуіне жол берілмеді. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл аясында ауыр және аса ауыр қылмысқа қатысы бар 185 қылмыстық топ ұсталды. Интернет-алаяқтықпен күрес бағытында 12 колл-орталық жойылды, оның жетеуі шетелде орналасқан. Шамамен 83 миллион фрод-қоңырау және 4 мың алаяқтықпен айналысқан сайт бұғатталды. Сондай-ақ алаяқтардың 2,3 миллиард теңге қаражатты елден шығаруына тосқауыл қойылды. Жол қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп жатқан цифрлық шешімдер таныстырылды.

Мәселен, дрондар көмегімен 6 мыңнан астам, орташа жылдамдықты өлшеу жүйелері арқылы 190 мыңнан астам жол жүру ережесін бұзу дерегі анықталды. Қабылданған шаралар нәтижесінде жол-көлік оқиғасы кезіндегі өлім-жітім саны 9,4 пайызға, соның ішінде мас күйінде көлік жүргізушілер кінәсінен болатын қайғылы жағдайлар 24 пайызға азайды. Egov mobile және жетекші банктер қосымшаларына интеграцияланған «Заң және тәртіп» мобильді сервисі іске қосылғаннан бері азаматтардан 32 мыңнан астам өтініш түскен. Экстремизмге қарсы күрес пен көші-қонды бақылау шаралары жөнінде баяндалды. Президент елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл