Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Орталық комиссия 15 наурыздағы референдум өткізу тәртібін түсіндірді
Жаңалықтар

Орталық комиссия 15 наурыздағы референдум өткізу тәртібін түсіндірді

23.02.2026
мин
0
112
Сурет: Ғаламтордан

Қазақстанда 15 наурызда республикалық референдум өтеді. Орталық референдум комиссиясы дауыс беру процесін толық түсіндіріп, азаматтарға қалай қатысу керектігін мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Референдумға кімдер қатыса алады?

18 жасқа толған Қазақстан Республикасының әрбір азаматы дауыс беруге құқылы.

Азаматтар тіркелген мекенжайы бойынша учаскеге бекітіліп, арнайы тізімге енгізіледі.

Дауыс беру күніне дейін әр азамат өз деректерінің тізімде бар-жоғын тексере алады. Қате анықталса, учаскелік комиссияға өтініш беріп, түзету енгізуге болады.

Есептен шығару куәлігі

Егер азамат тіркелген учаскесінде дауыс бере алмайтын болса, алдын ала есептен шығару куәлігін ала алады.

Бұл құжат басқа учаскеде дауыс беруге мүмкіндік береді. Куәлік жеке куәлікті көрсету арқылы беріледі және бір рет қана қолданылады.

Үй-жайдан тыс дауыс беру

Денсаулық жағдайына немесе басқа себептерге байланысты учаскеге келе алмайтын азаматтар үшін үй-жайдан тыс дауыс беру ұйымдастырылады.

Ол үшін дауыс беру күніне дейін жазбаша өтініш беру қажет.

Комиссия арнайы тасымалданатын жәшікпен азаматтың тұрған жеріне барып, дауыс беру құпия түрде жүргізіледі.

Дауыс беру күні қалай өтеді

I кезең – Учаскені ашу (06:00)

Жәшіктер тексеріліп, пломбыланады;

Бюллетеньдерді беруге жауапты комиссия мүшелері анықталады;

Учаскенің ашылуы туралы хаттама рәсімделеді;

Байқаушылар мен БАҚ өкілдері қатыса алады.

II кезең – Дауыс беруді өткізу (07:00–20:00)

Азамат жеке куәлігін көрсетіп, тізімнен тексеріледі;

Бюллетень беріледі және арнайы кабинада таңдау жасалады;

Толтырылған бюллетень жәшікке салынады.

Бір азамат тек бір рет дауыс береді. Дауыс беру құпия түрде өтеді.

III кезең – Дауыстарды санау (20:00)

Учаске жабылады, дауыс беру тоқтатылады;

Пайдаланылмаған бюллетеньдер есептеліп, жойылады;

Барлық бюллетеньдер саналып, дауыс берген азаматтар саны анықталады.

IV кезең – Нәтижелерді рәсімдеу

Учаскелік комиссия нәтижелер туралы хаттама толтырады;

Хаттамаға комиссия төрағасы мен хатшысы қол қояды;

Құжаттар тиісті аумақтық комиссияға жолданып, нәтижелер ресми түрде бекітіледі.

Орталық референдум комиссиясының мәлімдеуінше, дауыс беру ашықтық пен заң талаптарына сай ұйымдастырылады. Әр азамат тек бір рет дауыс бере алады, ал бюллетеньді басқа адамға беруге немесе оның орнына дауыс беруге жол берілмейді. Дауыс беру құпиялығы толық сақталады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл