| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Конституция нормаларын іске асыруға бағытталған бірқатар конституциялық заңдарға қол қойды. Құжаттар мемлекеттік басқару жүйесінің негізгі институттарының қызметін құқықтық тұрғыдан реттеуді көздейді, — деп хаьарлайды Dauletten.kz.
Қазақстан Президенті Конституцияның жаңа ережелерін жүзеге асыру мақсатында бірнеше маңызды конституциялық заңды бекітті.
Қол қойылған құжаттардың қатарында «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Халық Кеңесі туралы», «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы», сондай-ақ «Әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» конституциялық заңдар бар.
Аталған заңдар мемлекеттік институттардың өкілеттіктерін нақтылауға, елдің саяси және әкімшілік жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ Конституцияда белгіленген нормалардың толыққанды орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Құжаттардың толық мәтіні мен олардың мазмұны бойынша ресми ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында жарияланады.