Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Президент Ұлттық құрылдай кезінде бірнеше маңызды мәселелерді көтеріп, тапсырмалар берді, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Президент бірінші мәселе ретіндк мемлекеттік нышандарды жетілдіру қажет екенін айтты.
«Қазір кез келген елдің ықпалды болуына ұлттық брендтің әсері мол. Сондықтан, оның танымалдығын арттыра түсу керек. Ол үшін бірыңғай дизайн-кодты, ортақ стандартты сақтау өте маңызды. Нышандарымыз бірегей ұлттық кодымызды нақты әрі айқын көрсетуі керек», - деп тапсырды.
Президенттік көтерген тағы бір мәселесі ономастика тақырыбы. Өйткені ономастика - тарихи сана сезімді маңызды идеологиялық құралы.
«Төл тарихымызда ерекше орны бар тұлғалардың бірыңғай тізімін әзірлеу қажет. Бұл тізім еліміздің ішінде және шетелде жалпыұлттық бірегейлігімізді айшықтайтын басты ұстынға айналмақ», - деді.
Үшінші мәселе аясында мәдени мұрамызды жан-жақты дәріптеуіміз қажет екенін жеткізді.
«Елімізді жаңғырту үшін «жұмсақ күштің» мүмкіндіктерін тиімді пайдаланған жөн. Сыртқы істер министрлігі жанындағы «КazAID» халықаралық даму агенттігі осы жұмысқа ұйытқы болуға тиіс. Көптеген мемлекетте мұндай ұйымдар ұлттық брендті, тарихты және мәдениетті насихаттайды. Сол арқылы мемлекеттің жағымды имиджін қалыптастыруға ықпал етеді», - деді Мемлекет басшысы.
Президент өз арасында жер мәселесіне қатысты: «Жер – басты байлығымыз. Туыңды тігер тоқымдай жерің болмаса, өз мемлекетің де болмайды. Бабаларымыз бізге ұлан-ғайыр аумақты мирас етті. Оны шашау шығармай сақтап, көркейту – біздің қасиетті борышымыз. Шетелдіктерге қазақтың бір қарыс жерін де, бір уыс топырағын да бермейміз», - деді.
фото: Ақорда