Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 100.48 |
Лайт | 0.00 | 96.05 |
Данные на 14:40 мск |
Президент тұрғын үй мәселесін шешуге қатысты маңызды тапсырма жүктеді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі тұрғын үй қорын басқаруды түбегейлі реформалаудың қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz Ақордаға сілтеме жасап.
- Тағы бір басым міндет – тұрғын үй қорын басқару жүйесін толық реформалау. Қала құрылысы жоспарынан бастап, нысандарды пайдалануға беруге дейінгі барлық үдерісті цифрлық форматқа ауыстыру қажет, – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, Президент бірыңғай ақпараттық жүйені жыл соңына дейін әзірлеу қажеттігін атап өтті.
- Былтыр біз тұрғын үй құрылысы бойынша рекордтық көрсеткішке жеттік (19 млн шаршы метр). Бұл – жақсы нәтиже. Алайда, енді басымдықты тұрғын үй санына емес, сапасына және оның қолжетімді болуына беру керек, – деп қосты Тоқаев.