Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық волонтерлер форумына қатысты, деп хабарлайды Dauletten.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент сөз сөйлеу барысында волонтерлік қозғалысты ұзақ мерзімді грант беру арқылы ынталандыру керектігін айтты. Бұл ретте мемлекеттік және жеке грант берушілер арасында тұрақты серіктестік орнатып, отандық және халықаралық донорлардың бір-бірімен нәтижелі ынтымақтастығын қалыптастыру маңыздылығына тоқталды.
«Маған еріктілер мен қайырымды жандардың «кең ауқымда ойла, соған сай әрекет ет» деген қағидаға сүйеніп жұмыс істейтіні ұнайды. Мен өзім еріктілерді барынша қолдаймын. Сіздердің табанды жұмыстарыңызды жоғары бағалаймын. Осы саладағы барлық бастамаларды қолдаймын», - деді Тоқаев.
«Біздің волонтерлер Иордания, Кения, Тайланд және Түркия елдеріне арнайы барып, тәжірибе жинақтады. Осы тұста, мен Қазақстан еріктілеріне қолдау көрсетіп жүрген БҰҰ өкілдеріне алғыс айтамын. Былтыр елімізде Орталық Азия волонтерлерінің алғашқы форумы өтті. Осындай маңызды шаралар алдағы уақытта да жалғасады»,- деді Президент форумда сөз сөйлеу барысында.
Еске салсақ, бүгін Астанада 30-дан астам ел мен Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген еріктілер бас қосқан Халықаралық волонтерлер форумы өтіп жатыр.