Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында жол қауіпсіздігі мәселесіне тоқталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Президенттің айтуынша, халықтың өмірі мен денсаулығына тікелей әсер ететін негізгі түйткілдердің бірі – жол апаттары. Жыл басынан бері 22 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Көлік апаттарының көп бөлігі жүргізушілердің жол ережесін бұзуы салдарынан орын алатыны атап өтілді.
- Әрбір адам өз өміріне және айналасындағы адамдардың қауіпсіздігіне жауапты екенін сезінуі тиіс. Көлік мәдениетін бүкіл қоғам болып қалыптастыру қажет, – деді Тоқаев.
Президент сонымен қатар электросамокаттарға назар аудару қажет екенін айтты. Бұл тақырып қоғамда қызу талқыланып жатыр. Екі жыл бұрын жаяу жүргіншілер жолымен жүруге шектеу енгізілгенімен, қоғамдық орындардағы ахуал әлі де қауіпсіз емес.
Қазір бұл саланы реттейтін заңға түзетулер әзірленіп, оны көп созбай қабылдау қажет. Президент әрбір азамат пен әрбір баланың өмірі қымбат екенін, жол қауіпсіздігі – Қауіпсіз Қазақстанды құрудағы маңызды қадам екенін атап өтті.