Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Президентке Көкшетаудағы “Көк шалғын” қоғамдық кеңістігін дамыту жобасы таныстырылды
Жаңалықтар

Президентке Көкшетаудағы “Көк шалғын” қоғамдық кеңістігін дамыту жобасы таныстырылды

16.09.2025
1 мин
0
112
Сурет: Aqorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Көкшетау қаласында жүзеге асырылып жатқан "Көк шалғын" біртұтас қоғамдық кеңістігін қалыптастыру жобасы таныстырылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жоба тұжырымдамасына сәйкес, Мәңгілік алау, Даңқ аллеясы, Тәуелсіздік алаңы және Сағдиев көшесі бірыңғай туристік бағытқа біріктірілмек. Бұл аумақ үйлесімді сәулетімен және дизайнерлік шешімдерімен ерекшеленетін жаңа демалыс орнына айналады.

Қала әкімі Әнуар Күмпекеевтің айтуынша, жоба аясында аумақ көгалдандырылып, автоматты суару жүйесі орнатылады. Сондай-ақ құрғақ субұрқақтар, декоративті шамдар мен заманауи орындықтар қойылады. Жалпы 7,5 гектар жер абаттандырылып, жасыл желек отырғызылмақ.

Президентке "Таза Қазақстан" акциясы аясында Көкшетауда 7 мыңнан астам ағаш отырғызылғаны, жыл соңына дейін бұл сан 11 мыңға жеткізілетіні баяндалды.

Мемлекет басшысы бұдан соң маусым айында пайдалануға берілген жаңа жағалауды аралап көрді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл