Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Президенттің туыстары қандай қызметтерді атқара алмайды?
Жаңалықтар

Президенттің туыстары қандай қызметтерді атқара алмайды?

18.04.2022
2 мин
1
1179

ҚР Әділет министрі Қанат Мусин президенттің ең жақын туыстарының арасында саяси қызмет атқарып, квазимемлекеттік секторда жұмыс істей алмайтын адамдардың бар екенін айтты.

Заңнамаға сай, жақын туыстарының қатарына ата-ана, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, толық және толық емес аға-інілері мен апа-қарындастары, атасы, әжесі, немерелері жатады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңнамада қайын жұртқа, яғни ерлі-зайыптылардың жақын туыстарына да шектеулер белгіленген. Қазақстан Республикасының Әділет министрі Қанат Мусин

Әділет министрлігі басшысының айтуынша, президенттің жарлығымен мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімі анықталды, оған министрлер, олардың орынбасарлары, әкімдер, мемлекеттік органдардың басшылары жатады.

Өз кезегінде квазимемлекеттік секторға мемлекет мүше болып табылатын ұйымдар кіреді.

Осылайша, заңнамалық деңгейде тиісті тыйымдар белгіленгеннен кейін, мәселен, президенттің ағасы, әпкесі, балалары «Самұрық-Қазына» немесе «Бәйтерек» сияқты ұлттық компанияларда басшылық қызмет атқара алмайды. Қанат Мусин

16 наурызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында Конституцияда президенттің жақын туыстарына саяси мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік мекемелерде басшы лауазымдарын атқаруға тыйым салынатын жаңа нормаларды бекітуді тапсырды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
М
Меруерт Пернебек 18.04.2022
Кай жерге отиним тастаймыз
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл