Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ұсынылған нұсқалардың бірін таңдап, төмендегі сипаттамасын оқыңыз. Сипаттама мінезіңіздің әлгіз тұсын анықтап, оны қалай жақсы жаққа өзгертуге болатынын түсінуге мүмкіндік береді.
А-сурет
Сіз өз ұстанымыңызға берік адамсыз. Ерік-жігеріңіз өте мықты. Әлсіз тұсыңыз - сенгіштігіңіз. Айналаңызда бәрі сізге жақсылық ойлайтындай көрінеді. Өзіңізге "қалың қалқан" қойып үйренбесеңіз, көп адамдар сізді өз мақсатына пайдаланатын болады. Бойыңыздағы мейірім мен сенім арту қабілетіңіз кері әсерін тигізуі мүмкін. Сол себепті, айналаңыздағы жандарға көмек қолын созып, жақсы қарым-қатынаста болғанмен, шектен тыс сенім артпауға тырысыңыз.
В-сурет
Сіз бірнеше шаруамен бір сәтте айналыса алатын жан-жақты адамсыз. Еңбекқорлық, табандылық қасиетіңіз басым. Жұмысқа көп уақытыңызды жұмсайтындықтан, кейде өзіңізді ұмытып кетесіз. Әлсіздігіңіз де осы қасиетіңіз. Сырт келбетіңізге, денсаулығыңызға, талғамыңызға көңіл бөліңіз. Көңіл-күйіңізді жоғары ұстап, өзіңізді шаршатпаңыз. Сонда ғана жасаған еңбегіңізден ләззат аласыз.
C-сурет
Өзіңізге де, өзгелерге де көп талап қоясыз. Өмірде барлық жағдайда сыншысыз. Осы мінезіңізге байланысты адамдармен қарым-қатынас барысында қиындықтар болып тұрады. Ұсақ-түйекті елей беретін болсаңыз, өміріңіздің қажетсіз тұстары да көп болады. Сыннан аулақ болған жағдайда ғана өмірдегі қиындықтарыңыз азаяды. Өзіңізге де, өзгеге де түсіністікпен қарап үйреніңіз.
D-сурет
Сіз сыртқы орта мен ішкі жан дүниеңіздің үйлесімділігін тапқан адамсыз. Өмірде кез келген жағдайды жеңіл қабылдайсыз. Адамдармен қарым-қатынасты қиындатпайсыз. Тек кейде осы жайлылықтан айырылып қалудан қорқып, тіпті бейқам болып кетесіз. Кейбір жайттарға немқұрайлылық танытасыз. Ал бұл мінезіңізді көп адамдар көзден таса жібермеуі мүмкін. Осыған абай болыңыз. Жан тыныштығы жақсы, тек бейқамдық кейде сол тыныштықты ойран ететінін ұмытпаңыз.
Тағы көру