| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мәжіліс психологтардың кәсіби біліктілігін реттейтін заңды мақұлдады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Енді барлық психологтар мемлекеттік тізілімге тіркелуі міндетті болады.
Жаңа заң бойынша психологтар кемінде бес жыл сайын кәсіби біліктілігін арттыруға міндетті. Бұл талап кәсіби даярлық пен қайта даярлау жүйесін нақтылап, қызмет сапасын арттыруға бағытталған.
Сонымен қатар құжатта психологтардың құзыреттері мен қызмет мазмұнына қойылатын стандарттар белгіленген. Заңда олардың құқықтары мен міндеттері де нақты көрсетілген.
Психологиялық көмек алушылардың құқықтары да қорғалған, бұл қызмет көрсету сапасын және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.