Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Шерзат ісі бойынша айыпталушылардың бірі Абзал Шынасыл сот отырысында өзіне тағылған айыптарды жартылай мойындайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қорғаушы тарап бұл шешімінің себебін сұрап, түсініктеме беруді талап етті.
- Бастапқыда сіз Шерзат туралы ештеңе айтпадыңыз, ал істің 16-томынан бастап жауабыңызда ‘пышақты мен Шерзатқа салып алдым’ деген сөзіңіз бар. Бұған не дейсіз? – деп сұрады қорғаушы.
Айыпталушы Абзал Шынасыл бұл сұраққа жауап берді:
- Құрметті сот, менің бұл жауапты мойныма алуымның себебі – Талғар қаласындағы полиция бөлімінде тергеушілер бізге: ‘бұл істі бір адам жасады деп мойындамасаңдар, барлығыңа топ болып істеді деген айып тағылады, бәріңе қиын болады’ деді. Содан кейін бізді Қонаев қаласына этаппен алып кетті. Жолда газель көлігінде мен, Сакиев Равиль, Белғожаев Шыңғыс және Тоқтаубаев Азамат болдық. Сол кезде Равиль: ‘Бір адам істеді, сол адам мойындасын. Әйтпесе бәріміз қиналамыз’ деді. Менде пышақ болғандықтан, өзіме жауапкершілік алып, ‘жасырмай-ақ қояйын’ деп ойлап, кінәні мойныма алуға шешім қабылдадым. Изоляторға жеткен соң бәріміз бірге отырып сөйлестік. Сол кезде Тоқтаубаев Нұрбол: ‘Сенде пышақ болды ғой, Абзал’ деді. Мен көп ойланбастан: ‘Шерзатты мен мойныма алайын’ дедім. Бірақ Нұрқанаттың жамбасына сұғылған пышаққа қатысты Шыңғыс мойындасын деп келістік. Содан кейін Қонаевтағы полиция департаментінде осы келісім бойынша жауап бердік. Тергеушіге де солай айттым, – деді ол.
Кейіннен Абзал Шынасыл оқиға орнынан екі пышақ табылғанын естігенін айтты.
- Қонаевта тергеушілер екі пышақ алынғанын айтты. Бірақ мен бұған аса сене қоймадым. Себебі пышақ тек менде болды. Егер бір пышақ табылса, сол менікі болуы мүмкін деп ойладым, – деп түйіндеді айыпталушы.