Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қабанбай батыр қайда жерленген?
Жаңалықтар

Қабанбай батыр қайда жерленген?

17.12.2022
1 мин
1
2182

Қабанбай батырдың жерленген жерін көрсететін карта табылды, ол Ресейде орналасқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматыда ұлы қолбасшының 330 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияда Қабанбай батырдың Ресейде жерленгені белгілі болды. Қатысушылар зерттеуші Серікболсын Сайдағалидың сөзіне сүйене отырып, 18 ғасыр картасында Ресейдің географиялық аймағы бейнеленгенін айтты. Онда Қабанбай батыр соңғы жылдары өмір сүрген және жерленген деген ұлыс көрсетілген.

Ғылыми ортада Қабанбай батырдың соңғы панасы туралы бірнеше нұсқалар бар. Біреулер оны Астанадан 30 шақырым жерде, енді біреулер Қызылордадан алыс жерде жерленген деп болжайды. Оның бейіті Қытайда деген пікір де бар.

"Мен тікелей  сегізінші ұрпағымын. Менің ата-бабамның бәрі бір-біріне ауызша қалдырады, сондықтан мен анық білемін. Ол шығыста – Алакөл көлінің жоғарғы жағасы, Жоңғар қақпасының сәл сол жағында. Ол атақты батыр болған, 103 рет шайқасқа қатысып, үнемі жеңіске жеткен. Соңғы жекпе-жегі өлер алдында, 78 жасында болған", – дейді Қабанбай батырдың ұрпағымын деген Лұқпан Сыдықов.

Батырдың шын есімі – Ерасыл. Ел оның батылдығы мен ерлігі үшін Қабанбай батыр деп  атаған. Өздеріңіз білетіндей,  хан Абылай заманында оның  даңқы шыққан, 15 жасынан бастап жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Е
Ерасыл 04.10.2023
Қабанбай Батыр Астанадан 30 шақырым жерде Жерленген Деп үлкен кісілер айтты сол жерге Барып Құран бақыштап жүрмін бырақ кәзір басқа жерде жерленген дейді кімге сенсек болады?
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл