Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Тәкиев қаңтарда мемлекеттік бюджетке қанша кіріс түскенін айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Мемлекеттік бюджетке шамамен 1 трлн теңге түсті немесе жоспар 111,5% орындалды. Республикалық бюджетке кірістер 521 млрд теңге түсті немесе жоспар 78,4%-ке орындалды.Кірістер бойынша жоспар 143 млрд теңгеге орындалмады, оның ішінде салықтар бойынша – 151 млрд теңгеге. Биыл экономиканың үздіксіз өсуіне қарамастан, негізгі экспорттық тауарларға бағаның төмендеу үрдісі сақталып отыр», - деді Тәкиев.
Министр осы жылдың қаңтар айында металлдың бағасы орта есеппен 10,3%-ке төмендегенін айтты.
«Бағаның төмендеу факторы, сондай-ақ ірі компанияларда туындаған логистика мен өткізудегі қиындықтар республикалық бюджеттің негізгі салықтары бойынша болжамды көрсеткіштердің орындалмауына әсер етті. Бұл корпоративтік табыс салығы, импортқа салынатын қосылған құн салығы, шикі имұнайға салынатын экспорттық кеден бажы. Бұл ретте қаңтар айынан бастап біз қосылған құн салығы бойынша өткен кезеңнің борыштарын қайтарып жатырмыз», - деді ол.
Қосылған құн салығын қайтаруды жеңілдету және жеделдету үшін министрлік бірінші тоқсанның соңына дейін қосылған құн салығын қайтару қағидаларына тиісті өзгерістер енгізілмек.
«Жергілікті бюджеттердің кірістері 191,3%-ке атқарылды және 526 млрд теңгені құрады. Жоспар 251 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар бойынша – 223 млрд теңгеге асыра орындалды. Кірістер бойынша жоспарлар барлық өңірлерде асыра орындалды», - деді министр.