Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Австрияның құтқарушылары елдің батысындағы Форарльберг аймағында орналасқан әйгілі Лех-Цюрс тау шаңғысы курортында қар көшкінінен кейін жоғалған екі туристі іздеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Dauletten.kz Еuronews ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға 2700 метр биіктікте болған. Құтқару операциясына тікұшақтар мен кинологтар тобы жұмылдырылды. Полиция куәгер түсірген видеоға сүйене отырып, бастапқыда қар астында он шаңғышы қалып қойғанын хабарлады. Кейін жоғалған сегіз адам табылды, олардың ешқайсысы ауыр зардап шеккен жоқ.
Рождестволық демалыс күндері ауа райының жылы болуына байланысты билік аймақта және көрші Тиролде қар көшкіні қаупі жоғары екенін ескертті.