Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қарағанды - Балқаш автожолында көлік қозғалысы кезеңмен ашылуда, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар "РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы" автожолының 1492,4-1585 шақырымы аралығындағы Ақсу-Аюлы аулынан Ақшатау ауылына дейінгі учаскеде 94 шақырым жол қозғалысы ашылғанын мәлімдеді.
Қазіргі таңда Қарағанды - Балқаш учаскесінде кезең-кезеңмен төртжолақты қозғалыс қолданысқа берілуде. Бүгінде осы автомобиль жолдың 260-шақырымында қозғалыс ашық. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тосқауылдар мен уақытша жол белгілері, жылдамдық режимі және жол жұмыстары жүріп жатқаны туралы белгілер орнатылды.
Барлық жүргізушіге қайта жаңарту учаскесінде бекітілген жылдамдық режимін сақтап, уақытша жол белгілеріне назардаруға және жол қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұраймыз.