| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қарағанды облысында жасырын есірткі зертханасы жойылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
26 ақпанда Қарағанды облысы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өңір аумағында синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан жасырын есірткі зертханасының қызметін тоқтатты. Жедел іс-шаралар барысында күдікті ұсталды.
Оның тұрғылықты жерін тінту кезінде дайын есірткі заты мен прекурсорлар құйылған канистрлер, түрлі жабдықтар және химиялық реагенттер тәркіленді. Жалпы алғанда 40 келі дайын есірткі және шамамен 5 тонна прекурсордың заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді. Олардың құны 2 млн АҚШ долларынан асады. Алдын ала мәліметтер бойынша, күдікті Telegram-арналардың бірінің кураторымен байланыста болған. Ал дайын өнімді облыс аумағында таратуды көздеген. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасуда.
Прекурсорларды жеткізу арналары анықталуда. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.