Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қарағанды облысында әйел жаңа туған сәбиін пойыз терезесінен лақтырып жіберді
Жаңалықтар

Қарағанды облысында әйел жаңа туған сәбиін пойыз терезесінен лақтырып жіберді

22.04.2025
1 мин
0
1415

Қарағанды облысында әйел жаңа туған сәбиін пойыз терезесінен лақтырып жіберді. Әйел баланы пойыз ішінде өзі босанып, дүниеге әкелген, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Оқиға Қызылорда – Астана бағыты бойынша жүріп келе жатқан жолаушылар пойызында болған. Пойыз елордаға 20 сәуір күні таңғы сағат 5:00-де жетуі тиіс болған.

Куәгерлердің айтуынша, Қарағанды станциясынан өткен соң, жолсерік санитарлық аймақта қан іздерін байқап, еденді жуа бастаған. Ол дәретхананың іші түгелдей қанға толғанын айтып, бұл жағдай жолаушылардың мазасын қашырған.

Жолаушылардың бірі – қыз бала, болған жағдайдың мән-жайын білгісі келіп, қан ізімен жүріп отырып, бір купеге жеткен. Сол жерден ол көрпемен оранып жатқан әйелді көрген. Қыз көрпені көтеріп қарағанда, төсек қанға боялғанын көреді. Сұрақтар қойыла бастаған соң, әйелдің пойызда өзі босанғаны белгілі болған. Ең қорқыныштысы – ол жаңа туған сәбиін вагонның терезесінен лақтырып жіберген.

Дереккөздер мәліметінше, сәбидің денесі табылған. Өкінішке қарай, нәресте қаза тапқан.

Бұл жағдайға қатысты Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі Liter.kz редакциясына былай деп жауап берді:

- Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Оның аясында тиісті процессуалдық шешімдер қабылданатын болады.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл