Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Мәжіліс депутаттарының Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетiне, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне ұлттық университет мәртебесін беруге қатысты сауалына жауап берді.
«Заңнамаға сәйкес жеке тұлғаны тәрбиелеуде, оқытуда және кәсіби қалыптастыруда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің тұрақты жоғары деңгейін қамтамасыз етуде оқу орнының үздік жетістіктері үшін ерекше мәртебе беріледі. Бүгінгі таңда ұлттық университет мәртебесі 11 жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына (Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Қазақ ұлттық өнер университеті, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Қазақ ұлттық хореография академиясы) берілген. Аталған тізбе даярлықтың барлық бағыттарын, атап айтқанда, педагогикалық білім беруді, жаратылыстану ғылымдарын, медицинаны, ауыл шаруашылығын қамтиды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне зерттеу университеті мәртебесін беру мәселесін пысықтауда», - деді Үкімет басшысы жауабында.
Оның атап өтуінше, «Білім туралы» Заңның 52-бабының 5-тармағына сәйкес ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессорлық-оқытушылық құрамының және басшы қызметкерлерінің лауазымдық айлықақылары басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қарағанда едәуір жоғары. Өйткені олар жоғары коэффициентті ескере отырып айқындалады.
«Ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессорлық-оқытушылық құрамының еңбегіне ақы төлеу басқа мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қарағанда 76,3 мың теңгеге артық, бұл мемлекеттік бюджеттен қосымша шығыстарды талап етеді. Сонымен қатар «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы аясында бәсекеге қабілетті 20 жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, оның ішінде 15 өңірлік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының 2025 жылға дейін олардың базасында академиялық артықшылық орталықтарын құру бойынша қолдау жұмыстары басталғанын атап өту қажет», - деді Әлихан Смайылов.
Премьер-Министрдің айтуынша, жоба жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, оқу және ғылыми зертханалар құру арқылы университеттердің зерттеу және инновациялық экожүйесін қалыптастыруға бағытталған. Аталған жобаны іске асыру көрсетілген жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында да көзделетін болады.
«Сонымен қатар қазіргі уақытта өңірлік жоғары оқу орындары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен, алыс және жақын шет елдердің ұйымдарымен және ғылыми-зерттеу институттарымен келісімдер, шарттар, меморандумдар шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты күшейтуде, сондай-ақ білім алушылар мен профессорлық оқытушылық құрамының академиялық ұтқырлығы, шетелдік ғалымдар мен мамандарды оқытушылық және ғылыми қызметке тарту және т.б. бойынша стратегиялық серіктестермен ынтымақтастық дамуда. Осылайша, Қазақстан Республикасының Үкіметі өңірлік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қолдау және дамыту жөнінде шаралар қабылдауда. 3 Баяндалғанның негізінде, сондай-ақ өңірлік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қолданыстағы мемлекеттік қолдау шеңберінде үш жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына ұлттық университет мәртебесін беруге ерте деп санаймыз», - деді ол.