Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тұрғындар үйінді астында қалған: Қарағанды қаласында газ баллоны жарылды
Жаңалықтар

Тұрғындар үйінді астында қалған: Қарағанды қаласында газ баллоны жарылды

30.01.2024
1 мин
0
1631
Фото: Orda.kz

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ботақара кентіндегі пәтердегі жарылыстан 2 адам қаза тапты. Бұл мәліметті ауданы әкімі Абылай Сұлтанғали растады, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Оқыс оқиғаға байланысты жедел штаб жұмысы ашылып, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде 8(7212) 51-72-23 нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істеп жатыр.

«Өздеріңіз білетіндей, екі қабатты тұрғын үйде газ баллоны атылды. Өкінішке орай екі адам қайтыс болды. Қаза тапқандардың отбасылары және жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Зардап шеккен тұрғындарға көмек ұсынылып, уақытша орналастырылды. Біз қазір оқиғаны реттеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатырмыз. Жағдай облыс әкімінің бақылауында», - деп жазды Facebook парақшасында аудан әкімі.

Сондай-ақ Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Бұқар Жырау ауданы Ботақара кентінде орналасқан пәтердегі жарылысқа байланысты соңғы мәліметтерді ұсынды. Он екі пәтерлі тұрғын үйде 46 адам тұрса, жарылыс кезінде үйде 35 адам болған.

«Үйде барлығы 46 адам тұрса, жарылыс кезінде үйде 35 адам болған. Сағат 00:11-ден бастап 03-37-ден құтқару жұмыстары кезінде үйінді астынан 2 өлі және 5 жаралы адам табылды. Түрлі дене жарақаттарымен Бұқар Жырау аудандық ауруханасына 3 бала жеткізілді. Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде 8-7212-517223 сенім телефоны ашылды. 25 азаматқа жедел психологиялық көмек көрсетілді», - делінген ТЖД мәліметінде.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл