Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қарағанды облысында 18 шілдеге қараған түні медициналық мекемеден аса ауыр қылмыс жасап, сотталған ер адам қашып кетті, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қарағанды облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері қашып кеткен сотталған азаматтың мекенжайын анықтау және ұстау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Ол 35 жастағы БҚО тумасы, ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған.
Белгілері: толық денелі, бойы 165 см, шашы қара. Үстінде ақ футболка, қара аяқ киім, қара шалбар және басында қара кепка болған.
Полиция қызметкерлері жоғарыда айтылған белгілерге ұқсас адамды көрсе, дереу 102-ге хабарласуын сұрады.