Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қарағанды облыстық клиникалық аурухананың №1 перинаталдық орталығында салмағы 6 200 грамм сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Сәбидің салмақты болатындығын дәрігерлер алдын ала пайымдаған. Өйткені, бұл жанұяда бұған дейін де алып бала туылыпты. Оның салмағы - 4600 грамм болған. Ал 6200 кг салмақтағы нәрестенің туылуы ата-анасына да, дәрігерлерге де тосын сый болыпты.
«Босану асқынусыз болған жоқ, бірақ бригада шұғыл жұмыс істеді. Нәтижесінде, ана мен бала үшін барлығы сәтті аяқталды, дәрігерлер екеуінің де жағдайын қанағаттанарлық деп бағалайды», - деп мәлімдеді облыстық клиникалық аурухана басшылығы.
Айта кетейік, №1 перинаталдық орталықта жыл басталғалы салмағы 4 келіден асқан 174 және 5 кг болған 9 нәресте дүниеге келген.
Фото: Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасы