Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қарттар үйінде танысқан жұп 100 жасында отау құрды
Жаңалықтар

Қарттар үйінде танысқан жұп 100 жасында отау құрды

24.05.2024
1 мин
0
554
Фото: foxnews.com

АҚШ-тың Филадельфия қаласында 100 жастағы Берни Литтман мен 102 жастағы Марджори Фитерман шаңырақ көтерді. Олар ең қарт жұп ретінде Гиннестің рекордтар кітабына кіруге өтініш берді, деп хабарлайды dauletten.kz порталы Anadolu Ajansı басылымына сілтеме жасап.

Берни Литтманның немересі Сара Зичерманның айтуынша, атасы бұрын музыкант болған, бірінші әйелімен 65 жыл бірге тұрған. Жұбайы қайтыс болғаннан кейін ол қарттар үйіне көшіп, осы жерде Марджори Фитерманмен танысқан.

Фитерманның да алпыс жыл отасқан күйеуі өмірден озған.

Литман мен Фитерман бұрын бір университетте оқыған, алайда студент кездерінде бір-бірін танымаған.

Берни Литтман мен Марджори Фитерманның көңіл жарастырғанына тоғыз жыл болыпты.

«Атамыз үйленгісі келетінін айтқанда, бәріміз қатты таңғалдық. Кішігірім рәсім жасаймыз деп едік, ресми түрде некемізді қиямыз деп көнбей қойды, сөйтіп үйленді», - дейді қарияның немересі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл