Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қаскүнемді сол маңға күтпеген жерден келе қалған шекара офицері атып өлтірді. Жергілікті билік палестиналық арабтардың жұмысына тыйым салды, деп хабарлайды Dauletten.kz Еuronews-ке сілтеме жасап.
Иордан өзенінің батыс жағалауындағы еврейлердің Маале-Адумим елді мекеніндегі сауда орталығының жанындағы кафеге тапаншамен қаруланған 20 жастағы палестиналық оқ жаудырды. Ол аялдама маңындағы бұталардың арасына жасырынған.
Алты адам жарақат алды, оның ішінде 14 жастағы жасөспірім де бар. Бір жәбірленушінің жағдайы ауыр. Қаскүнемді күтпеген жерден келе қалған шекара офицері атып өлтірді.
Маале-Адумим мэриясы бейбіт тұрғындарға шабуыл жасаған адам жақында муниципалдық қызметтерге жұмысқа орналасқаны анықталғаннан кейін Палестина арабтарына қалада жұмыс істеуге уақытша тыйым салды.