Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қарызы бар көліктер ақылы жолдармен жүре алмайды
Жаңалықтар

Қарызы бар көліктер ақылы жолдармен жүре алмайды

05.12.2022
1 мин
0
1283

Ақылы жолға қарыздар қазақстандықтар кейбір жолдармен жүре алмайды. Бұл туралы ҚР ИИДМ автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Жамбыл Бахтияр мәлім етті, деп хабарлайды Dauletten.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Қазақстандықтардың ақылы жолдар бойынша 5 млрд теңгеден астам қарызы бар. Аталған сома өткен жылдың 23 қарашасынан бастап, биыл 1 желтоқсан аралығында жиналды. Көлік иелері ақылы жолдар бойынша қарызын белгіленген уақытта төлеуі тиіс. Мысалы, көлік иесінің 300 мың теңге қарызы болса, ол берешегін кестеге сай 2 жыл көлемінде төлейді», - деді Жамбыл Бахтияр ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Ашық сағат алаңы» жобасының эфирінде.

Министрлік өкілінің айтуынша, қазір елімізде 2,2 мың шақырым ақылы жол бар. Жыл басынан ақылы жолдан 20 млрд теңге табыс түсті. Жиналған қаражат жолдарды күтіп ұстау мен жөндеуге жұмсалады.

«Биылға жоспарланған жаңа ақылы жолдарды енгізу кейінге қалдырылды. Себебі тұрғындар абоненттік төлемді алып тастауды сұрап отыр. Сондай-ақ, 2 санаттағы автомобиль жолдарын ақылы етуге келсек. Бұл мәселе халықтың оң келісімінен кейін ғана шешіледі. Дегенмен біз ақылы жолдардан бас тарта алмаймыз. Жалпы 15 желтоқсаннан бастап елімізде жаңа абоненттік төлем жүйесі енгізіледі. Ол бойынша ақылы жолдар екі түрге бөлінеді. Бірінші, жабық жүйе. Яғни «Астана-Щучинск», «Қарағанды- Астана», «Алматы-Қапшағай» тасжолдары бойынша қарызы бар көлік иелері берешегін өтегеннен кейін ғана жүре алады. Екінші ашық жүйе. Ол бойынша көлік иесі төлемеген жағдайда қарызы жинала береді», - дейді ол.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл