Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қаржаубай Нұрымов сотта Шерзаттың қалай қаза тапқанын баяндады
Жаңалықтар

Қаржаубай Нұрымов сотта Шерзаттың қалай қаза тапқанын баяндады

18.04.2025
1 мин
0
124
Сурет: ulysmedia.kz

Шерзат Полаттың өліміне байланысты сот процесі жалғасуда. Мемлекеттік айыптаушылар марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымовтан жауап алды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қаржаубай Нұрымов сөзін қайғылы оқиға орын алған күннен бастап, сол түнгі жағдайларды баяндаудан бастады.

- Дүкенді жалға алып жұмыс істеп жүргенімізге екі ай болған. Ет бөлімінде Нұрқанат жұмыс істеді. Дүкен түнгі 23:00-ге дейін, кейде 1-2-ге дейін істейтін. Сол түні 3-нен 4-не қараған түн еді. Сағат 21:00-22:00 аралығында дүкенде отырдым. Дархан Әскентай келіп, ешқандай жанжал болған жоқ. Ол сыра сұрады. Мен сағат 23:00-ден кейін сатуға болмайтынын айттым. Бірақ кейін өтініш жасаған соң бердім. Түбіртекті WhatsApp арқылы көрсетті. Бәрін келісіп, тыныш кетіп қалды, – деді ол.

Нұрымовтың айтуынша, кейін Шерзат дүкенге келіп, қуаттағышын ұмытып кеткенін айтқан. Сол сәтте Дархан мен Шерзаттың арасында кикілжің туындап, әкесі жағдайды шешуге тырысқан.

- Дархан дүкеннен шығып кетті, артынан Шерзат ілесті. Екеуінің сөзге келіп жатқанын естіп, сыртқа шықтым. Ұлымды ұстадым, Дарханның бетін жуып, кешірім сұрадым. “Жүр ауруханаға апарайын, емдетіп алайық” дедім. Бірақ ол “балан денсаулығынан айырылады, кешірмеймін” деді. Сол кезде мен үйге хабарласып, Нұрқанатты шақырдым, – дейді ол.

Қаржаубайдың айтуынша, кейін “Хутор” бандасының мүшесіміз деп таныстырған бірнеше адам дүкенге келген. Олардың бірі – мас күйінде жүрген Нұрбол, жанында жасөспірім бала болған. Қаржаубай жағдайды ушықтырмау үшін “ұрған мен едім” деп мойнына алған.

- Олармен түсінісіп тарадық, бірақ қайта айналып келді. Бірнеше көлікпен жетті. Бұрын Равиль мен Нұрқанат арасында жанжал болғанын білдік. Бір сәтте дүкенде төбелес басталды. Дархан бөтелкемен менің бетімнен ұрды, кейін Азамат пен Шыңғыс мені ұрды. Шыңғыс пышақпен арқа тұсымнан ұрды. Сол кезде мылтық дауысы шықты. Балаларға қашыңдар дедім. Шерзаттың да төбелестің ортасында жүргенін көрдім, – деді Нұрымов.

Ол ұлы Шерзаттың соңғы сәттерінде сөйлеп жатқанын, бірақ кейін есінен танып құлағанын айтты.

- Шерзат “бірдеңе тығып алды” деп айқайлады. Содан соң құлап түсті. Нұрқияс оны мылтықпен ұрып жіберді. Әйелім араша түсуге тырысты. Шерзат анасына “ауырып тұр, бірдеңе сұғып алды” деп жатты. Соған қарамастан Нұрқияс тағы да ұрды, – дейді ол.

Қаржаубай жанжалға қатысқан азаматтардың аттарын атап берді.

- Нұрқияс, Шыңғыс, Абзал, Нұрбол, Равиль, Дидар болды. Кім ұрып, кім арашалады, нақты ажырата алмадым. Равильдің қолында пышақ болды. Бірінші пышақ шығарған – Азамат пен Шыңғыс. Нұрбол қалтасына қайта-қайта қолын салып тұрды. Сол сәтте есімді жоғалта жаздадым. Екеуін өлтіріп кетті деп ойладым. Кейін көршілер шыққанда балалар қаша бастады. Нұрқанат пен Шерзат қансырап жатты, – деп еске алады ол.

Соңында Қаржаубай баласын көлікке салып, ауруханаға алып бара жатқанын айтты.

- Жолда көлікті қатты айдаған кезде Шерзат орындықтан құлап кетті. Сол кезде жаны үзілгенін білдім. Реанимациялық шара қолдандым. Көлікке салғанда тамыры соғып тұрған. Ашудан өзім Хуторға барып, Нұрболды қуып жүріп іздедім. Полиция оны таба алмай жүрген. Ол сай-саланы аралап көлікпен қашты, – деді марқұмның әкесі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл