| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қаскелеңдегі мектептердің бірінде 9-сынып оқушысы көз жұмды. Оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алматы облысының, білім басқармасы мәліметінше, үзіліс кезінде оқушының жағдайы нашарлап кеткен. Мектеп әкімшілігі дереу оқу орнына жедел жәрдем шақырған.
- Баланың денсаулығы туралы әкесіне жедел түрде хабар берілді. Жасөспірімнің анасы бөлек тұрады. Оқиға кезінде оқушының қасында нағашы әжесі болды, ол осы мектепте география пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді, - деп хабарлады басқарма.
Оқиға орнына келген дәрігерлер реанимациялық шаралар жүргізгенімен, баланы аман алып қалу мүмкін болмаған. Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, оқушы оқиға орнында көз жұмды.