Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
«Қасым хан» тарихи телехикаясын түсіру барысында 30 миллион теңгеге жуық ақша ұрланған. Бұл туралы қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы қаласында кино түсірілімінде пиротехникалық заттар сатып алуға бөлінген ақша бюджет қаражатынан ұрланғаны анықталды. Аталмыш қылмыс бойынша сот үкімі шықты.
"Тергеу барысында қызметтік жағдайды пайдалана отыра, "Қасым хан" тарихи сериалының түсірілімінде пиротехника сатып алуға бөлінген 29,9 миллион теңге сомасындағы бюджет қаражатының ұрланғаны анықталды. "Қазақфильм" АҚ-қа келтірілген залал сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде толық көлемде өтелді", - делінген хабарламада.
Сот шешімі бойынша айыпталушылар ҚР ҚК 189-бабы 3-бөлігі 1,2-тармақтары бойынша кінәлі деп танылды."Қасым хан" киножобасының бұрынғы директорын екі жылға бас бостандығынан айыру, ал іске қатысы бар екі қызметкерге үш жылға дейінгі мерзімде бостандығын шектеу, 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тарту жазасы тағайындалды.
Айта кетейік, қазақтың әйгілі билеушілерінің бірі - Қасым ханның өмірі туралы баяндайтын кино мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша "Қазақфильм" киностудиясы түсіріп жатыр.
2019 жылы Алматы облысында басталған түсірілім жұмыстары әлі аяқталған жоқ.