Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесу өткізді
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесу өткізді

10.10.2025
1 мин
0
75
Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Dauletten.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы екі аптадан кейін, 12 қарашада Ресейге ресми сапармен баратынын мәлімдеді. Оның айтуынша, алдағы сапар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді.

— Қазақстан мен Ресейді шынайы одақтастық, стратегиялық серіктестік және достық қатынастар байланыстырады. Сауда айналымы да жақсы көрсеткішке жетіп отыр — өткен жылы ол 28 миллиард долларға жетті. Ресей — Қазақстан экономикасына қаржы құйып отырған басты инвесторлардың бірі. Жалпы ресейлік бизнес елімізге 26 миллиард доллардан астам инвестиция салды. Тек өткен жылдың өзінде 4 миллиард доллар инвестиция тартылды. Қазір құны шамамен 22 миллиард доллар болатын 114 бірлескен жоба жүзеге асырылуда. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасады, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз кезегінде Владимир Путин Қазақстанмен арадағы қарым-қатынастың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, екі ел арасындағы байланыс достыққа негізделген әрі посткеңестіктегі интеграциялық үдерістерге серпін беріп отыр.

— Біздің елдеріміз арасындағы қарым-қатынастар ерекше сипатқа ие. Бұл тек сіз бен біздің достығымызбен шектелмейді. Қазақстан мен Ресей  посткеңістікте интеграцияны алға тартып келе жатқан мемлекеттер. Күн тәртібінде қарастыратын екіжақты мәселелер аз емес. Қазақстан-Ресей байланыстарын нығайтуға қосқан үлесіңіз үшін алғысымды білдіремін. Мұндай форматтағы кездесулеріміз өзара ынтымақтастықты дамытуға оң әсер етеді деп сенеміз, — деді Ресей президенті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл