Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қамауда отырған Қайрат Боранбаевтың туысы А. Боранбаев Қаржылық мониторинг агенттігінің жекелеген қызметкерлеріне пара берген. Бұл туралы Dauletten.kz аталған Агенттікке сілтеме жасап хабарлайды.
«Қаржылық мониторинг агенттігінің жекелеген қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық жасау фактісі анықталды. Мәселен, тергеумен қамауға алынған Қ.С. Боранбаевтың туысы – А.Т. Боранбаевтың жедел бөлімшелердің жекелеген қызметкерлеріне заңсыз сыйақы беру фактісі әшкереленді. Сот А.Т. Боранбаевқа және екі қызметкерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді», - делінген Агенттік хабарламасында.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевтың үстінен квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісімен іс қозғап, изоляторға қамаған болатын.