Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қызылорда облысындағы ауылдарды сумен қамтуға қайтарылған активтер есебінен 2,2 млрд теңге бөлінді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қызылорда облысында алты сумен жабдықтау нысанын салу үшін Арнаулы мемлекеттік қордан 2 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді.
- Бұл жобалар Арал және Қазалы аудандарындағы 2 мыңға жуық тұрғыны бар ауылдарды қамтиды, Тастүбек, Ерімбетжаға, Шәкен, Шилі, Шитүбек және Сарбұлақ ауылдарын сапалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деп жазылған хабарламада.
Нысандарды 2025 жылдың аяғында пайдалануға беру жоспарланған.