Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Абай облысында сумен жабдықтау жобаларына қайтарылған активтерден 10 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Президенттің тапсырмасы аясында елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтердің қаражаты әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымға бағытталуда. Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан Абай облысында сумен жабдықтау желілерін салуға 10 млрд теңгеден астам қаржы бөлу туралы шешім қабылдады.
Өңірде жалпы 21 жоба іске асырылуда, оның жетеуі – Семей қаласында. Қалғандары Бородулиха, Үржар және Абай аудандарындағы ауылдық аумақтарды қамтиды. Нысандарды биыл пайдалануға беру жоспарланған.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, сумен қамту деңгейі қазір Семейде 95,5%-ды, облыс ауылдарында 95%-ды құрайды. Жобалар халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға және инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған.