Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қайтарылған активтер: Риддердегі аурухана құрылысына 28 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
Жаңалықтар

Қайтарылған активтер: Риддердегі аурухана құрылысына 28 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді

20.11.2024
мин
0
62
https://t.me/KZgovernment

Риддердегі аурухана кешенінің құрылысын аяқтауға қайтарылған активтерден 28 млрд теңгеден астам қаражат бөлінд. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Президенттің тапсырмасымен "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заң шеңберінде қайтарылған қаражаттан Риддер қаласындағы 200 орындық стационары мен бір ауысымда 500 адамды қабылдай алатын емханасы бар көпсалалы аурухана кешенінің құрылысын аяқтауға 28,2 млрд теңге бөлінді.

Үкімет 2021 жылы басталған аурухана кешенінің құрылысын аяқтау үшін қаражат бөлу туралы шешім қабылдады. Жобаның жалпы құны – 34,8 млрд теңге, қазіргі уақытта 6,6 млрд теңге игерілді, оның ішінде 2 млрд теңге республикалық бюджеттен, 4,6 млрд теңге жергілікті бюджеттен бөлінген. Қалған қаражат Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінеді.

Естеріңізде болса, Бектеновке ШҚО-ға жұмыс сапарымен барғанда құрылыс алаңын қарау кезінде жұмысты аяқтау үшін жобаны қаржыландыру қажеттілігі туралы баяндалған болатын. Қабылданған шаралар әлеуметтік маңызы бар объектінің "сақалды құрылыс" тізіміне енуіне жол бермеуге және тұрғындарды сапалы және қолжетімді медициналық қызметтермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Аурухана кешенінің ашылуы демографиялық жүктемесі жоғары моноқала үшін аса маңызды болмақ. Риддер қаласының халқы 55 мың адамды құрайды, олардың 22,7%-ы 60 жастан асқан. Қаланың түкпір-түкпіріне шашырап орналасқан жалғыз аурухана кешенінің 12 ғимараты 80 жылдан астам уақыт бұрын салынған. Бұл нысандар әбден ескірген және қазіргі заманғы стандарттарға сай келмейді. Бұған қоса, халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету үшін қосымша кардиологиялық, инсульттік, травматологиялық және күйікке арналған төсектер қажет.

Жаңа көпсалалы кешеннің жалпы ауданы 40 мың шаршы метрді құрайды. Аурухана заманауи сараптамалық медициналық жабдықтармен қамтылады және мұнда 500-ден астам қызметкер жұмыс істейтін болады.

Бұған дейін қаражат Ақтөбедегі ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы балабақша, Ақмола облысы Зеренді ауылындағы спорт кешені, Түркістан облысы Темірлан ауылындағы музыка мектебі, Арқалық қаласындағы дарынды спортшы балаларға арналған спорт кешені, Астанадағы тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы және Алматыдағы ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған жаттығу орталығының құрылысына бағытталған. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл