Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға азамат қайтыс болған немесе басқа елге қоныс аударған жағдайда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жарналарының қайда кететіні туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Сұрақ қоюшы жарналардың мұрагерлікке жатпайтынын, ал зейнетақы жинақтарын мұрагер ретінде алуға болатынын айтып, МӘМС жарналарының нақты қандай мақсатта жұмсалатынын білгісі келді.
Ақмарал Әлназарова бұл екі жүйенің – зейнетақы және медициналық сақтандыру – құрылымы мен мақсаты жағынан айырмашылығы бар екенін түсіндірді.
– Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – жинақтаушы жүйе. Ондағы қаражат әр адамның атына жинақталады және мұрагерлікке беріледі. Ал МӘМС жарналары сақтандыру жүйесіне жатады. Яғни кез келген сақтандыру түрі сияқты, жарналар адамды медициналық қауіптерден қорғауға бағытталады. Бұл қаражат тек сақтандыру жағдайы туындаған кезде ғана пайдаланылады, – деді министр.
Министрдің айтуынша, медициналық сақтандыру қорында жиналған барлық қаражат азаматтарды емдеуге және аурулардың алдын алуға бағытталады. Бұл – еліміздегі 20 миллионға жуық адам үшін медициналық көмекті қамтамасыз етуге арналған бірыңғай қор.
– Қордың бастапқы идеясы – ортақ жауапкершілік қағидатына негізделген. Яғни дені сау адам – ауырған адамға, ал табысы жоғары азаматтар – әлеуметтік әлсіз топтарға көмектеседі. Бұл жүйе қазіргі уақытта кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр, – деп түйіндеді министр.