Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қайырымдылыққа ақша жинайтын блогерлерге салық салына ма?
Жаңалықтар

Қайырымдылыққа ақша жинайтын блогерлерге салық салына ма?

10.01.2024
1 мин
1
1066
Фото: Үкімет

Үкіметтің баспасөз орталығында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов қайырымдылық мақсатта ақша жинайтын блогерлердің мобильді аударымдары қалай қадағаланатынын айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Біржанов мобильді аударымдар арқылы қайырымдылыққа жиналған қаражатқа салық салынбайтынын мәлімдеді.

«Тек блогерлер ғана емес, басқа азаматтар да осылай ақша жинауы мүмкін. Бұл қаражат баланың еміне арналса және мобильді аударым саны 100-ден асса, ендігі жылы бізге ол туралы тиісті мәлімет түседі. Содан біз бұл азаматқа арнайы хабарлама жібереміз. Азамат немесе блогер «Иә, мен қаңтар, ақпан, наурызда осындай ақша жинаған едім. Кәсіпкерлік мақсатта емес, ақшаны осы бағытта жұмсадым. Жіберілген ақшаның реквизиті бар», - деп өзіне аударылған ақшаның қандай мақсатта жұмсалғанын түсіндіріп беруге тиіс деді ол.

Кәсіпкерлік бағыт немесе жарнама үшін салық міндеттемелері жүктеледі.

Ал егер қайырымдылыққа бағытталған болса, онда ешқандай салық міндеттемесі болмайды. Сондай-ақ туыстар арасындағы аударымдарға да шектеу қойылмайды.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
М
Мира 11.01.2024
Машина ойнатп,билет сататн блогерлерге салық салынадыма
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл