Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақ полицейлері белорусь блогерінен 200 мың теңге талап еткен
Жаңалықтар

Қазақ полицейлері белорусь блогерінен 200 мың теңге талап еткен

31.03.2025
1 мин
0
176
Сурет: видеодан алынған кадр

Беларусьтік блогер Түркістан облысында полиция қызметкерлері өздерінен 200 мың теңге сұрағанын мәлімдеді. Бұл сәтті олар бейнежазбаға түсіріп алған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Оқиға барысында патрульдік полиция қызметкерлері Беларусьтен келген туристерді тоқтатып, 200 мың теңге талап еткен. Туристердің айтуынша, полицейлер оларды Қазақстанда техникалық тексерістен өтпегені және бейнебақылау камерасына түскені үшін айыптаған. Топ ішінде танымал блогер Александр Гулько да болған. Оның сөзінше, олар жол ережесін бұзбаған, алайда тәртіп сақшылары бұл айыптауды растайтын дәлел ұсынбаған. Полицейлер ақша берілген жағдайда ендігәрі тоқтатпайтынын айтып, уәде еткен.

— Қазақстанға алғаш рет келгенімізде, жергілікті жүргізушілер мұнда жол полициясы қатаң әрекет ететінін ескерткен еді. Полицейлер бізге “Не 200 мың теңге төлейсіңдер, не көлікті тәркілейміз” деді. Біз қарсыласқан жоқпыз. Ақша бердік те, таңғалып, ары қарай жолымызды жалғастырдық. Кейін бізге Түркістандағы өзіндік қауіпсіздік қызметкерлері хабарласып, жағдайды тексеріп жатқанын айтты. Олар бізден пара алған полиция көлігінің нөмірін сұрады, бірақ біз есте сақтамаған екенбіз, – дейді блогер.

Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде тараған бейнематериалдан хабардар екенін мәлімдеді. Қазір бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, полиция бөлімінің басшылығына қатысты қызметтік тексеріс басталған. Министрлік әзірге туристерден ресми шағым түспегенін және көліктің тіркеу деректері анықталмағанын хабарлады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл