Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
қазақстандық Уикипедия авторы Қайыр Рыспаев шежірелерде әйелдердің есімін де көрсету қажет екенін айтты, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ол шежіре - халықтың тарихи жады мен мәдени мұрасы екенін айтып, онда тек ер адамдардың емес, әйелдердің де есімі болуы тиіс екенін жеткізді. Мұндай қадам қоғамдағы гендерлік теңдікті нығайтып, әйелдердің тарихтағы рөлін айқындауға мүмкіндік береді.
Рыспаевтың сөзінше, әйелдердің өмір сүру ұзақтығы ерлерге қарағанда орта есеппен 7–8 жылға жоғары, сондықтан олардың атын да ұрпақтар тізімінде көрсету маңызды.
Дегенмен, бұл ұсыныс қоғамда түрлі көзқарас туғызды. Бір бөлігі қолдаса, енді бірі ұрпақтар арасындағы туыстық шекара шатасуы мүмкін дейді.