Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қарағанды облысындағы "Саяқ-3" шахтасында қайғылы оқиға болып, екі жұмысшы көз жұмды. Компания бұл деректі растады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Шахтада көміртегі газы бөлінген. Компания мәліметінше, жұмысшылардың бәрі жедел түрде эвакуацияланды. Зардап шеккендер жақын жердегі медициналық мекемелерге жеткізілді. Алайда екі жұмысшы қайтыс болды.
- Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, қайғылы жағдайды тексеру үшін арнайы комиссия құрылды. "Қазақмыс" басшылығы мен ұжымы қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Марқұмдардың отбасыларына қажетті барлық көмек көрсетіледі, – делінген компанияның хабарламасында.