Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Қазақмыста» меншік иесі ауысады: келісімнің негіздемелік шартына қол қойылды
Жаңалықтар

«Қазақмыста» меншік иесі ауысады: келісімнің негіздемелік шартына қол қойылды

10.12.2025
мин
0
163
Сурет: Қазақмыс

«Қазақмыс» корпорациясы жаңа акционерге «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ға бақылау жүргізу құқығын өткізуді көздейтін келісімнің негіздемелік шартына қол қойылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Келісімге «Қазақмыс» президенті Владимир Ким мен Директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огайдың ортақ шешімі бойынша қол қойылды. Құжатқа қол қою бақылауды тапсыру процесінің басталғанын білдіреді. Таяуда белгіленген рәсім аясында келісім бойынша барлық тиісті іс-шаралар мен міндеттемелер жүзеге асырылып, компанияның үлесін сатып алу-сату келісімшарты жасалады.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарының сақталуына ерекше көңіл бөлінеді. Салалық нормаға сәйкес, тау-кен-металлургия секторында компания үлесінің не акциясының иесін ауыстыру үшін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, сонымен қатар Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің арнайы рұқсатын алу талап етіледі.

Сондай-ақ серіктестерін, кредиторларды, миноритарлық қатысушыларды және басқа да мүдделі тараптарды хабардар ету процесі жүргізіледі. Бұл шаралар процестің ашықтығын, дер кезінде ақпараттандыруды және барлық нормативтік талаптарды, оның ішінде компанияның қызметіне қатысатын тұлғалар алдындағы міндеттемелерді сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Қол қойылған құжатқа сәйкес, акционердің ауысуы өндірістік және операциялық процестерге, келісімшарттық міндеттемелерге, қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктеріне және жұмыс орындарының тұрақтылығына әсер етпейді. «Қазақмыстың» қызметі штаттық режимде, ал ағымдағы және перспективалық жобаларды іске асыру – қолданыстағы стратегиялық жоспарға сай жалғасады

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл