477.48
555.83
6.65
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстан АЭС құрылысына Ресейден 15 млрд доллар несие алмақ
Жаңалықтар

Қазақстан АЭС құрылысына Ресейден 15 млрд доллар несие алмақ

28.05.2026
мин
0
105
Сурет: КазТАГ

Қазақстанда салынатын алғашқы атом электр станциясы Ресейдің қаржылай қолдауымен жүзеге асырылуы мүмкін. Жобаға қажет негізгі қаражат несие есебінен тартылмақ, — деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, Қазақстан АЭС құрылысына Ресейден шамамен 15 миллиард доллар көлемінде несие алуды жоспарлап отыр. Оның мәліметінше, жоба құнының 85 пайызы қарыз қаражаты арқылы жабылса, қалған бөлігін мемлекет қаржыландырады.

Алдын ала есеп бойынша, атом электр станциясы екі энергоблоктан тұрады. Әрқайсының қуаты 1 200 мегаватт деңгейінде болады деп күтілуде. Жобаның нақты құны техникалық жобалау кезеңі толық аяқталғаннан кейін белгілі болады.

Қазіргі жоспарға сәйкес, құрылыс жұмыстары 2027 жылы басталуы ықтимал. АЭС бірнеше жыл ішінде салынып, пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Сондай-ақ Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға сапары аясында екі ел арасында атом электр станциясын салуға қатысты үкіметаралық келісімдерге қол қойылуы мүмкін екені айтылды.

Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысын Ресейдің «Росатом» компаниясы жүзеге асырады деп күтілуде. Бұған дейін жобаға байланысты Ресей тарапы ұсынуы мүмкін несие көлемі 13 миллиард доллар шамасында болуы ықтимал деген ақпарат тараған еді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл