Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстан АЭС салу кезінде соңғы үлгідегі реакторларды қолдануды жоспарлап отыр
Жаңалықтар

Қазақстан АЭС салу кезінде соңғы үлгідегі реакторларды қолдануды жоспарлап отыр

26.08.2024
1 мин
0
692

Қазақстан атом электр станциясын салу соңғы үлгідегі реакторларды қолдануды жоспарлап отыр.

Заманауи технологиялар зиянды қалдықтардан қорғап қана қоймай, қауіпсіздікті үздіксіз қамтамасыз етуге қауқарлы, деп хабарлады 24kz.

Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттіктің дерегі бойынша әлемнің 31 елінде 400-ден астам энергоблок жұмыс істеп тұр.

Ең көп атом электр станциясы АҚШ-та орналасқан. Қазақстан атом электр станцияларында соңғы үлгідегі реакторларды қолдануды жоспарлап отыр. Олардың бірнеше қабаттан тұратын қауіпсіздік жүйесі апаттың алдын алуға қауқарлы.

Ұлттық ядролық орталық бас инженерінің орынбасары Денис Зарваның сөзінше, атом реакторлары ішкі және сыртқы күштерге төзімді. Заманауи қорғаныс жүйесі қауіптің кез келген түріне тойтарыс бере алады. Штаттан тыс жағдайды жойып, реакторды қалыпты режимге қайтарады.

"Қазір әлемде реакторлардың 3+ буыны қолданылады. Қазақстанда да сондай реакторлар салу жоспарланған. Мамандар қауіпсіздікке өте көп мән берген. Оның қорғанысы бірнеше қабаттан тұрады. Сондықтан апат болу ықтималдығы өте төмен. Есеп бойынша 10 млн жылда бір рет штаттан тыс жағдай болуы мүмкін. Ал реакторлардың қолдану мерзімі 60-80 жылдан аспайды", - дейді "ҚР Ұлттық ядролық орталығы" РМК бас инженерінің орынбасары Денис Зарва.

 

Ал Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттіктің бұрынғы қызметкері Тарик Рауф болашақта атом қуатына сұраныс артады деген пікірде.

Біріккен ұлттар ұйымының дерегінше, әлемдегі 60 ел ауаға зиянды шығындылардың таралуын қысқарту бойынша міндеттеме алған. Бұл қатарда Қазақстан да бар.

"Бірнеше қуат көзін пайдаланған дұрыс. Көптеген мемлекет қазір суды осы мақсатта қолданып жүр. Мұнай мен газдан бас тартып, атом энергиясын, баламалы қуат көздерін пайдалануға болады. Сондықтан алдағы 40-50 жылда атом қуатының маңызы артады. Сондай-ақ ол елдің тұрақты дамуы мен көмірқышқыл газының шығындысын азайтуға ықпал етеді", - дейді Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттіктің бұрынғы бөлім басшысы Тарик Рауф.

Агенттіктің дерегінше, қазір әлемнің 31 елінде 400-ден астам энергетикалық блоктар жұмыс істеп тұр. Олардың қуаты үш жүз гигаваттан асады. Ал 15 мемлекет соңғы үлгідегі 59 реактор салып жатыр. Атом электр станциясының саны бойынша АҚШ оқ бойы озып тұр. Мұнда 90 энергетикалық блок жұмыс істейді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл