Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан билігі өз азаматтарына өзге мемлекеттер арасындағы соғыс әрекеттеріне араласқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын еске салды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
- Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде шет мемлекеттердің әскери құрылымдарымен келісімшартқа отыруды насихаттайтын түрлі жарнамалар мен бейнероликтер кеңінен таралып жатыр. Алайда, Қазақстан азаматының шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысуы Қылмыстық кодекспен жазаланады, – деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Егер Қазақстан азаматы жалдамалы емес жағдайда бөтен елдің аумағындағы әскери іс-қимылдарға қасақана түрде араласса, Қылмыстық кодекстің 172-бабына сәйкес оған 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Ал егер әрекет жалдамалық сипатта болса, яғни 170-бапқа сәйкес, қылмыстың ауырлығына қарай жаза 7 жылдан бастап өмір бойына дейін бас бостандығынан айыруды қамтиды. Сонымен қатар азаматтықтан айыру және мүлікті тәркілеу шаралары да қарастырылған.
- Ішкі істер министрлігі ел азаматтарын заңға бағынуға және ауыр құқықтық салдарға алып келуі мүмкін әрекеттерден бой тартуға шақырады, – деп қосты ведомство өкілдері.