Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстан дәнді дақылдардың экспорттық нарықтарын кеңейтуде
Үкімет

Қазақстан дәнді дақылдардың экспорттық нарықтарын кеңейтуде

06.12.2024
мин
0
266
Сурет: ғаламтордан

Қазақстан дәнді дақылдардың экспорттық нарықтарын кеңейтуде. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Елімізде жыл сайын 8-9 млн тонна астық экспорттайды, оның 6,5-7,5 млн тоннасы — бидай.  Экспорт географиясы 40-тан астам елді қамтиды. Орталық Азия, Ауғанстан, Қытай, Түркия, Иран, Италия, Тунис елдері дәстүрлі нарық саналады. Биылғы қараша айының соңындағы жағдай бойынша 6,3 млн тонна астық экспортталды. Жаңа өнім экспорты 2,37 млн тоннаны құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 52%-ға артық.

- Өзбекстанға жеткізілім 42%-ға артып, 944 мың тоннаны құрады, өткен жылы бұл көрсеткіш 665 мың тонна болған. Тәжікстанға жеткізілім 49%-ға өсіп, 2023 жылғы 254 мың тоннадан биыл 377 мың тоннаға дейін жетті. Сондай-ақ Қытайға экспорт көлемі 17%-ға өсіп, өткен жылғы 304 мың тоннадан биыл 355 мың тоннаға дейін артқаны байқалды. Ауғанстанға жеткізілімдер көлемі 71%-ға ұлғайып, өткен жылғы 67 мың тоннадан 115 мың тоннаға дейін артты. Иранға экспорт көлемі 10 мың тоннадан 30 есеге артып, 299 мың тоннаны құрады. Биыл экспорттық әлеует 12 млн тоннаға жетеді деп болжануда. Негізгі өткізу нарықтары – Орталық Азия, Қытай, Ауғанстан, Италия және басқа елдер. Сондай-ақ Әзербайжан, Ауғанстан, Иран, Ирак, Солтүстік Африка және ЕО елдеріне Қара және Балтық теңіздерінің порттары арқылы 2 млн тоннаға дейінгі көлемде астық тасымалдау мәселесі пысықталуда. Жұмыстың тиімділігін арттыру үшін Қазақстан ішінде де, экспортқа да жөнелтуді жоспарлайтын жедел астық штабы құрылды. Халықаралық дәліздер құру жөніндегі жобаларды іске асыру арқылы экспорт географиясын одан әрі кеңейту жоспарлануда, - деп жазылған хабарламада.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл