Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Футбол федерациясының президенті 52 жастағы Әділет Барменқұлов өз қызметінен кететінін жариялады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бүгін ҚФФ жиналысында Барменқұлов өз орнын босататынын мәлімдеді. Ол ҚФФ-ны 2022 жылдың ақпанынан бастап басқарды.
Барменқұлов Талдықорған облысының тумасы. Негізгі мамандығы — математик (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ). Сонымен қатар экономист, заңгер, мемлекеттік басқару және тау-кен ісі бойынша да білімі бар.
Ол бизнес саласында қызмет атқарған. 2001 жылдан бері "Таймас" компаниялар тобының президенті, "Атамекен" ҰКП басқарма мүшесі, "Еуразиялық зерттеулер институты" қорының бас директоры болған. 2007-2012 жылдары Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көлік бақылау комитетінің төрағасы, Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі болған. 2014 жылдан бастап "Kazakhmys Holding" ЖШС-нің коммерциялық директоры, "Kazakhmys Smelting" ЖШС-нің бас директоры, 2020 жылдан бері "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.